Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, саябақтың мүлкін бүлдіргендер – колледжде оқитын екі студент. Олар 2009 және 2011 жылдары туған.
"Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық жұмыс жүргізілді", – деп хабарлады полиция департаменті.
Полиция оларға қоғамдық мүлікті бүлдірудің салдары мен жауапкершілігін түсіндірді. Жасөспірімдердің заңды өкілдеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.
Бұған дейін Астанада полицейлер жерасты өткелдерінің қабырғаларына жазу жазған кәмелетке толмағандарды анықтаған еді. Олардың ата-аналары да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.