Әрбір адамның өз үйін, ауылын, қаласын көркейтуге белсене атсалысқаны абзал – Президент

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында тазалық, тәртіп және табиғатты аялау мәселелеріне неге айрықша мән беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмысты бәсеңдетуге болмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, адам бойында мәдени-рухани құндылықтарды қалыптастыруға отбасы, мектеп, қоғам және мемлекет бірге атсалысуы қажет.

"Біз қалалар мен тұтас еліміздің келбетін ғана емес, одан да маңыздысы, ұлтымыздың менталитетін өзгертіп жатырмыз. Немқұрайлық пен салғырттықтан, тіпті өшпенділіктен біртіндеп арылып, тазалыққа, жауапкершілікке, табиғатты аялауға бой үйрете бастадық", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұндай өзгеріс бірнеше буын өкілдерінің көңіл-күйіне жағымды әсер етіп, қоғамдағы ахуалды жақсартады. Түптеп келгенде, экономикалық өсімді де жеделдетуі мүмкін. Ол "Таза Қазақстан" бастамасының күші қоғамды ұзақ мерзімді, жасампаз ортақ мақсатқа жұмылдыруда екенін айтты.

Президент айналаның тазалығы адамдардың мінез-құлқына да әсер ететініне назар аударды. Таза жерде адам тәртіп сақтауға тырысады, ал лас әрі қараусыз жерде енжарлық пен заңды елемеу белең алуы мүмкін. Ол мұны урбанистикадағы "сынған терезе салдарымен" байланыстырды.

"Сондықтан "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы мен "Заң және Тәртіп" қағидаты егіз ұғым десек болады. Берекесіздік пен тәртіпсіздік белең алған жағдайда заңның сақталуын талап ету мүмкін емес", – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Бір тал темекі 800 мың теңге шығын әкелді