Тоқаев: Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру және тарихи жадымызды жаңғырту – маңызды міндет

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыру және тарихи жадыны жаңғырту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, бұл бағытта елімізде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

"Тағы бір маңызды міндет – ұлттық сана-сезімді қалыптастыру және тарихи жадымызды жаңғырту. Бұл бағытта көптеген жұмыс атқарылып жатыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы төл мәдениеттің өрісін кеңейтіп, ұлт руханиятына елеулі үлес қосқан тұлғалардың мұрасын дәріптеуге ерекше назар аударылып отырғанын айтты.

Сонымен қатар Қазақстанның тарихын зерделеу, Ұлы дала тарихы мен Алтын Орда дәуірін терең зерттеу жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

"Жұртымыздың жылнамасын түгендеп, Ұлы дала тарихын және Алтын Орда дәуірін терең зерттеп жатырмыз", – деді Президент.

Тоқаев биыл 22 жылдық үзілістен кейін Қазақстанның бірқатар киелі нысаны ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізілгенін атап өтті. Олардың қатарында Маңғыстау облысындағы бірегей нысандар да бар.

Сондай-ақ Жаркент мешіті мен Вознесенск шіркеуі ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне алдын ала енгізілген.

"Сәулет өнерінің осынау жауһарлары – Қазақстанның мәдени әралуандығын паш етеді, сондай-ақ елімізде ғұмыр кешіп жатқан барлық этностың тарихына және рухани мұрасына ұқыпты әрі құрметпен қарайтынымызды айғақтайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін мемлекет басшысы өскелең ұрпақты жасық, кінәмшіл, уайымшыл мінезден сақтау қажет екендігін айтқан болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Бір тал темекі 800 мың теңге шығын әкелді