Тоқаев: "Заң мен Тәртіп" ел өмірінің ажырамас бөлігі

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 12:56 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң мен тәртіп" қағидаты ел өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы керегін мәлімдеді. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерге тосқауыл қою жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, әділетті қоғам құру үшін әр азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, айналасындағыларға жанашырлық танытуы қажет. Сондай-ақ "Таза Қазақстан" идеясына сай табиғатты қорғап, адамның болмысы мен тіл тазалығына мән беру маңызды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өркениетті қоғамда дөрекі сөйлеу, өзгенің ар-намысына тию, адамдарды кемсіту, қоғамдық орындарды ластау және ортақ мүлікті бүлдіру сияқты әрекеттерге жол берілмеуі керегін атап өтті. Мұндай құқық бұзушылықтар заң бойынша жазалануға тиіс екенін жеткізді.

"Бұл – барлық құқық қорғау мекемелеріне қатысты жеке және өте маңызды тапсырмам", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент "Заң мен тәртіп" қағидатының мемлекеттілікті нығайту мен егемендікті қорғаудағы маңызын атап өтті.

"Өкінішке қарай, кейбір теріс пиғылды адамдар "Заң мен тәртіп" қағидатын бұрмалап, оны қысым жасаудың құралы ретінде көрсеткісі келеді. Ашығын айтсақ, бұл – арамдық. Мұндай келеңсіз әрекетке қатаң тосқауыл қоюымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру де елдің өркениетті дамуы жолындағы тарихи міндет екенін айтты. Осы жұмысқа "Қазақ тілі" қоғамының өкілдері мен мемлекеттік тілді қолдайтын азаматтарды белсенді атсалысуға шақырды.

Сөз соңында Президент "Қазақ тілі" қоғамының басшысы Рауан Кенжеханұлына және ұйым өкілдеріне алғыс білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: