Оның сөзінше, депутаттар бұл мәселе бойынша Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.
"Түзетулер қазан айының басынан ерте түспейді. Бұл мәселені Серік Жұманғаринмен талқыладық. Құрылтайдың қаржы мәселелеріне жетекшілік ететін төраға орынбасары ретінде бұл мен үшін де өте маңызды. Менің түсінуімше, олар құжатты қазан айының басында енгізуге дайын. Әрі қарай не болатыны әзірге соларға байланысты. Түзетулер Құрылтайға түскен бойда бұл туралы сіздермен талқылауға дайынмын", – деді Дания Еспаева.
2026 жылғы 4 қыркүйекте Ұлттық экономика министрлігі "Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлегені хабарланған еді. Жобаға жаңа Салық кодексін қолдану тәжірибесі, мемлекеттік органдардан, бизнес қауымдастықтан және басқа да мүдделі тараптардан түскен өтініштер ескеріліп, Жобалық кеңсе мен бейінді жұмыс топтарының жұмысы нәтижесінде дайындалған түзетулер енгізілген.