Астанада үсік жүреді, Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 25–27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Фото: пресс-служба акимата Алматы
Алдағы үш күнде Астанада жаңбыр жауып, жел күшейеді. 27 қыркүйекте топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Шымкентте де жаңбыр жауады, ал Алматыда жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның 2026 жылғы 25–27 қыркүйекке арналған болжамында айтылған.

Астанадағы ауа райы

25 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +13…+15°C болады.

26 қыркүйек: көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с жетеді. Түнде +4…+6°C, күндіз +11…+13°C болады.

27 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0…+2°C, топырақ бетінде -3°C дейін үсік жүреді. Күндіз +12…+14°C болады.

Алматыдағы ауа райы

25 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде +12…+14°C, күндіз +23…+25°C болады.

26 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде +11…+13°C, күндіз +21…+23°C болады.

27 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде +11…+13°C, күндіз +20…+22°C болады.

Шымкенттегі ауа райы

25 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C болады.

26 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с жетеді. Түнде +12…+14°C, күндіз +23…+25°C болады.

27 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с жетеді. Түнде +12…+14°C, күндіз +21…+23°C болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы