БАҚ пен әлеуметтік желілердегі балағат сөз үшін жаза: Мәдениет министрлігі жаңа норманы түсіндірді

Фото: unsplash
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов 2026 жылғы 24 қыркүйекте Астанадағы Тәуелсіздік сарайының кулуарында БАҚ пен әлеуметтік желілерде бейәдеп сөз қолданғаны үшін жаза енгізу ұсынысына түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер әлеуметтік желіде балағат сөз қолданған адамды қоғамдық орында сондай әрекет жасағандай жауапқа тарту ұсынылып отырғанын айтып, мұның себебін сұрады.

"Бұл мәселе әлі Құрылтайда талқыланып жатыр. Норма қисынды деп ойлаймын. Заңның қай жерде – шынайы өмірде ме, әлде біз виртуалды, онлайн кеңістік деп атап жүрген ортада ма – бұзылғанының айырмасы жоқ екенін түсінуіміз керек. Бұл норма, ең алдымен, соған бағытталған", – деді Евгений Кочетов.

Оның айтуынша, "Заң және Тәртіп" қағидаты, сондай-ақ мораль мен әдеп нормалары барлық жерде сақталуы тиіс.


"Ұсыныстың мақсаты да осы. Оның қалай қолданылатыны қазір Құрылтайда талқыланып жатыр. Қандай жаза белгіленетіні де сол талқылаудан кейін белгілі болады", – деді вице-министр.

БАҚ пен әлеуметтік желілерде бейәдеп сөз қолданғаны үшін жаза енгізілсе, қандай сөздер осы санатқа жататыны туралы бұған дейін жазған едік.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкетті: тоғызы қаза тапты

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді