Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан форум бір минут үнсіздікпен басталды

Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 25 қыркүйекте, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өткен "Қазақстан – Қытай" инвестициялық форумына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, форум басталар алдында қатысушылар Маңғыстау облысында қайғылы жағдайда қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілерді Каспий теңізіне ағызып әкеткен. Олар жағалауда оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқанда ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген.

"Олардың үшеуі құтқарылды, 14 адам қаза тапты". ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қайғылы оқиғаның мән-жайын тергеу үшін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын Үкіметтік комиссия құрылды.

ҚР Бас прокуратурасы да мәлімдеме жасап, күдікке ілінген лауазымды тұлғалардың анықталғанын хабарлады:

"Қызметіне салғырт қарады деген күдікке ілінген, сондай-ақ ауа райы жағдайын ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау жүргізбеген және қажетті шаралар қабылдамаған, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған лауазымды тұлғалар анықталды. Бұл адамдардың қаза табуына әкеп соқты".

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, 25 қыркүйекті аза тұту күні деп жариялады.

Қазақстан
Алматы
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты