"Қазгидромет" мәліметінше, 26 қыркүйекте Алматы қаласында, ал түнде Ақтөбе, Өскемен және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесуі. Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.
Сондай-ақ 2026 жылғы 26 қыркүйекте еліміздің кейбір өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер үсік жүретінін ескертті.