Каспийдегі қайғылы оқиға: Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті

Сурет: Telegram/mangystau_press
Бүгін, 2026 жылғы 26 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ұлттық құрылтай депутаттары, "Қазақстан Халық Кеңесінің" мүшелері, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері мен қаза тапқан әскери қызметшілердің қаруластары қатысты.

Рәсімге қатысушылар қаза тапқан жауынгерлердің туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты. Отан қорғаушылардың рухына бағыштап Құран оқылып, еске алу рәсімдері жасалды.

Әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік төлемдер, материалдық қолдау және қаза болғандарды еске алу шараларын ұйымдастыруға толық жәрдем көрсету қарастырылған.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі қаражат жинақтау үшін арнайы қор құрған еді. Жиналған барлық қаражат қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен зардап шеккендерге толықтай мақсатты әрі ашық түрде, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатаң бақылауымен беріледі.

Маңғыстау облысының әкімдігі қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, ата-аналары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Алматы әуежайындағы оқиғадан кейін 10 тәулікке қамауға алынды

Алматы жасөспірімдері қандай кітап оқиды – сұхбат