Тексеру нәтижесінде 1 670 ақау мен заңбұзушылық анықталған.
"Анықталған ақаулардың қатарында жолдағы шұңқырлар, жарықтар, ойықтар, асфальтбетон жабынының ығысуы, жолтабанның пайда болуы және автомобиль жолдарының пайдалану жағдайына әсер ететін басқа да кемшіліктер бар", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ.
Қазір әрбір дерек бойынша жауапты тұлғалар анықталып, тиісті шаралар қабылданып жатыр. Жұмыс сапасына тиісінше бақылау жүргізбеген техникалық қадағалау мамандарына жалпы сомасы 53,4 млн теңге айыппұл салынды.
"Техникалық қадағалаудың 22 сарапшысы жұмыстан босатылды", – деп мәлімдеді компания.
Айта кетейік, 2026 жылғы 22 қыркүйекте Премьер-министр Олжас Бектенов "ҚазАвтоЖол" басшысын сынға алған еді. Үкімет басшысы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевқа қарата: "Жолдардың сапасына қатысты жағдайды жақсарту қажет. Жұмыс істеңіз, әйтпесе орныңызға басқа адамдар келеді", – деді.