Салық күнтізбесі: 2026 жылғы қазанда қандай салықтар мен төлемдерді төлеу керек
Фото: pexels
2026 жылғы қазанда салық төлеушілер салық есептілігін тапсырып, бірқатар салық пен міндетті төлемді төлеуі қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемелерін уақытында орындау керегін еске салды. Ведомство жеке тұлғалардың 2025 жылғы мүлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 қазанда аяқталатынына назар аударды.
Салық есептілігін тапсыру мерзімдері
15 қазанға дейін:
- 400.00 нысаны – 2026 жылғы тамыз айының акциз жөніндегі декларациясы.
20 қазанға дейін:
- 328.00 нысаны – 2026 жылғы қыркүйек айында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
- 851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомасының есебі;
- 870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы жөніндегі декларация.
Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімдері
1 қазанға дейін:
- жеке тұлғалардың 2025 жылғы мүлік салығы.
5 қазанға дейін:
- жеке практикамен айналысатын адамдардың 2026 жылғы қыркүйек айындағы табысы бойынша жеке табыс салығы (ЖТС).
15 қазанға дейін:
- 2026 жылғы III тоқсанда түбірімен босатылатын сүректі пайдаланғаны үшін орман пайдалануларына төлемақы;
- интернет-платформа операторы аударатын, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі (АСР) бойынша 2026 жылғы қыркүйек айының ЖТС-ы.
20 қазанға дейін:
- 2026 жылғы қыркүйек айының ЕАЭО шеңберіндегі қосылған құн салығы (ҚҚС);
- 2026 жылғы қыркүйек айының акцизі, оның ішінде ЕАЭО елдерінен әкелінген тауарлар бойынша;
- қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы;
- ұзақ мерзімді орман пайдалану кезіндегі 2026 жылғы III тоқсанның орман пайдалануларына төлемақы;
- 2026 жылғы III тоқсанда өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
27 қазанға дейін:
- 2026 жылғы қазан айының корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдер;
- 2026 жылғы қыркүйекте резиденттерге төленген табыстан төлем көзінен ұсталған КТС;
- төлем көзінен ұсталған ЖТС;
- бейрезиденттердің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС;
- бейрезидент жеке тұлғалардың табысынан алынатын ЖТС;
- 2026 жылғы қыркүйекте бейрезиденттердің жекелеген санаттарына төленген табыстан алынатын ЖТС;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша 2026 жылғы қыркүйек айының ЖТС-ы;
- 2026 жылғы қыркүйек айының әлеуметтік салығы;
- жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
- радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
- 2026 жылғы қазан айында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
- 2026 жылғы қыркүйек айының бірыңғай төлемі;
- 2026 жылғы қыркүйек айының әлеуметтік төлемдері: міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), әлеуметтік аударымдар (ӘА), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС) және МӘМС жарналары.
Мемлекеттік кірістер департаменті техникалық кідірістер мен өсімпұл есептелуінің алдын алу үшін салық төлеушілерге есептілік тапсыруды және төлемдерді төлеуді соңғы күнге қалдырмауға кеңес берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript