Болжамға сәйкес, 29–30 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"1 қазанда атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Түнгі және таңғы сағаттарда кей жерлерде тұман түседі. Елдің солтүстік жартысында 1–3 градус үсік сақталады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Синоптиктердің мәліметінше, күндіз елдің солтүстік жартысында ауа температурасы +15…+23°С болады. Оңтүстік жартысында температура +20…+25°С-тан +15…+23°С-қа, ал таулы аудандарда +10…+15°С-тан +8…+13°С-қа дейін төмендейді.
Бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы 28 қыркүйекке арналған дауылды ескерту жариялаған еді. Синоптиктер Астанада, Шымкентте және Қазақстанның 16 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары болатынын ескертті.