Қазақстанда ет қымбаттай ма – Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы

Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова 2026 жылғы 29 қыркүйекте Үкімет отырысында сиыр етінің бағасына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бағаның күрт өсуіне негіз жоқ.

"Ел бойынша сиыр етінің бір келісі орта есеппен 3,8 мың теңге тұрады. Астанада бағасы 3,8–4 мың теңгеден басталады, одан да жоғары болуы мүмкін: "Шапағат" базарында ет 3,9 мың теңге, ал "Артемде" 4,4 мың теңге тұрады. Дегенмен бағаның күрт өсуіне ешқандай негіз көріп отырған жоқпыз", – деді Хатепова.

Вице-министр ішкі нарық отандық өндіріс есебінен толық қамтамасыз етілгенін айтты.

"Өткен жылы 434 мың тонна сиыр етін өндірдік. Биыл да өндіріс көлемінің өсіп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан бағаның күрт өсуіне негіз жоқ", – деді ол.

Бұған дейін Қазақстанда ет бағасының өсу қарқыны айтарлықтай баяулағаны хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін