Астанада алимент төлеуден жалтарған 5,5 мың адам 26 млрд теңге табысын жасырған

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астана прокуратурасы алимент өндіру туралы сот шешімдерінің орындалуын тексерді. Нәтижесінде сот орындаушыларының әрекетсіздігіне қатысты 5 мыңнан астам дерек анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокуратура мәліметінше, 5,5 мың борышкер жалпы сомасы 26 млрд теңге болатын табысын жасырған. Осыған байланысты прокурорлар алимент берешегін борышкерлердің арнайы техникасы есебінен өндіруді ұсынды. Бұған дейін сот орындаушылары бұл мүлікті есепке алмаған.

Тексеру барысында жалпы құны шамамен 2 млрд теңге болатын 126 құрылыс, жол және ауыл шаруашылығы техникасы анықталды.

Қазірдің өзінде 2,5 мың баланың пайдасына 2 млрд теңгеден астам алимент өндірілген.

Тексеру қорытындысы бойынша Әділет министрлігіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Онда анықталған табыс пен арнайы техника есебінен алимент берешегін өндіру, сондай-ақ жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселелері көтерілген.

Бұған дейін Павлодар облысында алимент төлеуден жалтарған борышкерлердің бәс тігуге 600 млн теңге жұмсағаны хабарланған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін