Оның мәліметінше, 2024 жылдан бері майлы дақылдардың егіс көлемі 2,2 млн гектарға ұлғайып, 5,2 млн гектарға жеткен. Қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін жүгері егістігі соңғы екі жылда 120 мың гектарға көбейген.
"Егісті әртараптандыру нәтижесінде дақылдардың үлесі өзгерді. Дәнді дақылдардың үлесі 72%-дан 66%-ға төмендеді, ал майлы дақылдардың үлесі 13%-дан 18%-ға өсті", – деді Сұлтанов.
Биыл жиналатын егіннің жалпы алқабы 24,2 млн гектарды құрайды. Оның 15,6 млн гектардан астамына дәнді және бұршақты дақылдар егілген.
"Егін жинау жұмыстары уақытылы басталды және былтырғыдан жоғары қарқынмен жүріп жатыр", – деді вице-министр.
Бұған дейін Азат Сұлтанов егіннің өсу кезеңінде диқандар тап болған қиындықтар туралы айтқан еді.