Оның мәліметінше, тоғыз айда 9,3 млн тонна астық тасымалданған.
"Тек тамыз айының өзінде 1 млн тоннадан астам астық тасымалданды. Бұл былтырғы көрсеткіштен шамамен 30% көп. Экспорт қарқыны жақсы. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 15,5 млн тонна астық экспорттадық. Биыл да осы қарқын сақталады деп үміттенеміз", – деді Хатепова.
Журналистер вице-министрден өткен жылдардағыдай диқандар астықты өткізуде қиындыққа тап болмай ма деп сұрады.
"Қазір ешқандай мәселе жоқ. Экспортқа қатысты түйткілдерді шешу үшін "Қазақстан темір жолымен" бірлескен жедел штаб жұмыс істеп тұр", – деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.
Бұған дейін Қазақстанда лицензиясы бар 190 элеватор жұмыс істейтіні туралы жазған едік.