Оның айтуынша, биылғы сегіз айда теміржол арқылы 9,3 млн тонна астық тасымалданған. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық.
"Оның 7,2 млн тоннасы экспортқа шығарылды, 2,1 млн тоннасы ел ішінде тасымалданды. Негізгі бағыттар бойынша да өсім байқалады. Орталық Азия елдеріне астық тасымалы 37%-ға, Қытайға 34%-ға артты", – деді Жәнібек Тайжанов.
Ресей порттары арқылы, соның ішінде Балтық және Қара теңіз бағыттарымен тасымалданған астық көлемі 9%-ға өсті.
"Ауғанстанға астық тасымалы 4,4 есе артып, 655 мың тоннаға жетті", – деп толықтырды вице-министр.
Бұған дейін Қазақстанда дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталуға жақындағаны хабарланған еді.