Алматыда арнайы тұрақта көлік сақтау үшін ақы алына бастайды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталып, коммуналдық арнайы тұраққа жеткізілген көліктерді эвакуациялау және сақтау үшін ақы енгізіледі.

Жаңа тәртіп 4 қазаннан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері айтты.

4 қазаннан бастап көлік құралдарын коммуналдық арнайы тұрақтарға эвакуациялау және уақытша сақтау үшін төлемнің бірыңғай тәртібі қолданылады. Төлем мөлшері 2026 жылы 18 қыркүйекте Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында бекітілді.

Эвакуация құны көліктің барлық санаты үшін 3 АЕК, яғни 12 975 теңге болады. Жеңіл автокөлікті арнайы тұрақта сақтау құны алғашқы тәулікке 2,5 АЕК (10 812,5 теңге), кейінгі әр тәулікке 5 АЕК (21 625 теңге) мөлшерінде белгіленді.

Көлік иелеріне құқық бұзушылықтарды жойып, автокөліктерін 3 қазанға дейін арнайы тұрақтан алып кету ұсынылады.

Айта кетейік, бұл өзгеріс барлық эвакуация жағдайына қатысты емес. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген жағдайда ұсталып, арнайы тұраққа жеткізілген көлік құралдарына ғана қолданылады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін