Астанадағы ауа райы болжамы
1 қазан: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–18 м/с болады. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C.
2 қазан: көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +16…+18°C.
3 қазан: көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +15…+17°C.
Алматыдағы ауа райы болжамы
1 қазан: көшпелі бұлт шығады, кешке қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +24…+26°C.
2 қазан: көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5–10 м/с, кей уақытта екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +19…+21°C.
3 қазан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5–10 м/с, кей уақытта екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C.
Шымкенттегі ауа райы болжамы
1 қазан: көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +18…+20°C.
2 қазан: көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.
3 қазан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +26…+28°C.
Бұған дейін Қазақстанда 2026 жылғы қазан айының басында күн күрт суытатыны хабарланған еді. Ауа температурасы алғаш рет –6°C-қа дейін төмендеп, жаңбыр аралас қар жауады деп күтіледі.