"ҚР Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің "LRT нысандарындағы көліктегі полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын", – делінген құжатта.
Мемлекеттік мекеме республикалық бюджетте ҚР Ішкі істер министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және сол қаражат шегінде қаржыландырылады.
Басқарма ІІМ қарамағындағы аумақтық органдар тізбесіне де енгізілді.
Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.