Қазақстан халқының саны туралы жаңа деректер жарияланды: не өзгерді

Перепись населения, население, численность населения, население Казахстана, население РК, рост населения, рост населения в РК, рост населения в Казахстане, народ, казахстанцы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2026 14:14 Фото: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны туралы өзекті деректерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйекте елде 20 618 796 адам тұрған. Ал 1 тамызда халық саны 20 604 819 адам болған. Бір айда тұрғындар саны 13 977 адамға артқан. 2026 жылдың басынан бері халық санының жалпы өсімі 118 974 адамды құрады. Оның ішінде шетелден келгендер саны – 5 558 адам.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан қалаларында 13 236 041 адам (1 тамызда – 13 085 110), ауылдарда 7 382 755 адам (1 тамызда – 7 414 712) тұрған.

Алматы елдегі халқы ең көп қала болып қала берді. Мұнда 2 387 896 адам тұрады (1 тамызда – 2 348 103). Астана халқының саны 1 700 385 адамға жетті (1 тамызда – 1 639 176). Шымкентте 1 316 888 адам тұрады (1 тамызда – 1 294 050).

Өңірлер арасында халқы ең көп өңір – Түркістан облысы. Онда 2 142 709 адам тұрады. Одан кейінгі орында 1 615 631 тұрғыны бар Алматы облысы тұр. Үшінші орында Жамбыл облысы: мұнда 1 210 084 адам тұрады.

Халқы ең аз өңір – Ұлытау облысы. Ондағы тұрғындар саны 217 274 адамды құрайды.

1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні аталып өтеді. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бүгінде елде 2,4 млн-нан астам адам зейнетақы төлемдерін алады. Сондай-ақ Қазақстанда жасы 100-ден асқан 44 зейнеткер тұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: