Қазақстанда 60 жастан асқан қанша адам бар: саны ең көп өңірлер аталды
Фото: unsplash
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, биылғы жылдың басында Қазақстанда 60 және одан жоғары жастағы тұрғындардың саны 2 923 472 адамға жеткен. Бұл – ел халқының 14,2%-ы.
Оның ішінде:
- ерлер – 1 163 270 адам;
- әйелдер – 1 760 202 адам.
Бюроның мәліметінше, 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар саны ең көп өңірлер:
- Алматы қаласы – 328 385 адам;
- Түркістан облысы – 216 544 адам;
- Қарағанды облысы – 212 487 адам;
- Алматы облысы – 203 499 адам;
- Астана қаласы – 171 138 адам.
60 және одан жоғары жастағы тұрғындардың 1 894 268-і қалаларда, ал 1 029 204-і ауылдық жерлерде тұрады.
Сондай-ақ бюро деректеріне сәйкес, Қазақстанда жасы 100-ге жеткен және одан асқан 1 323 адам бар.
2026 жылдың екінші тоқсанында 60 және одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылғандар саны 465 302 адамды құрады. Ал 2025 жылы зейнетақы алушылар саны 2 415 095 адам болған.
Бұған дейін, 2026 жылғы 30 қыркүйекте, Қарттар күні қарсаңында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтар туралы ерекше статистикалық мәліметтерді ұсынған еді.