Қазақстан халқының нақты саны жарияланды

Перепись населения, население, численность населения, население Казахстана, население РК, рост населения, рост населения в РК, рост населения в Казахстане, народ, казахстанцы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2026 13:57 Фото: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 сәуірде Қазақстан халқының нақты саны туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басындағы жағдай бойынша ел халқы 20 499 822 адамды құраса, 1 наурыздағы көрсеткіш 20 532 240 адамға жеткен. Осылайша халық саны 32 418 адамға артқан. Табиғи өсім – 28 835 адам, ал көші-қон сальдосы – 3583.

Қалада 13 085 110 қазақстандық тұрса, ауылдық жерлерде 7 414 712 адам тұрады.

Ең көп халық Алматы қаласында – 2 348 103 адам. Одан кейін Түркістан облысы – 2 149 205 адам. Үшінші орында Астана қаласы – 1 639 176 адам. Ең аз тұрғын Ұлытау облысында тіркелген – 219 049 адам.

Сурет: Ұлттық статистика бюросы

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келген. Сонымен қатар, елде туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы өсіп келеді: 2025 жылы бұл көрсеткіш 75,97 жыл болса, 2024 жылы 75,44 жыл болған.

Ал 2026 жылғы 6 наурызда Ұлттық статистика бюросы елдегі әйелдер саны туралы нақты деректерді жариялаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: