80 тонна жанар-жағармай, 1,2 млрд теңгенің валютасы және есірткі: ҰҚК шекарада ұсталғандар туралы мәлімдеді
Фото: pxhere
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Шекара қызметінің 2026 жылғы қыркүйектегі жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
1 қазанда таратылған мәліметке сәйкес, өткен айда ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны қорғау және күзету аясында құзыретті органдармен бірлесіп, шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 4 138 адамды ұстаған. Олардың 3 502-сі – шетел азаматтары.
Сондай-ақ жалпы құны 2,5 млрд теңгеден асатын тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 598 дерегінің жолы кесілді.
Соның ішінде:
- есірткі заттарын өткізудің 37 дерегі;
- қару мен оқ-дәрілерді өткізудің 62 дерегі (2 травматикалық қару, 2 газ қаруы және 77 оқ-дәрі);
- жалпы көлемі 80 тоннадан асатын, құны 24,1 млн теңге болатын жанар-жағармайды өткізудің 816 дерегі;
- құны 1,3 млрд теңгеден асатын халық тұтынатын тауарларды өткізудің 549 дерегі;
- жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден асатын валютаны өткізудің 134 дерегі.
Сонымен қатар Каспий теңізінің акваториясында браконьерліктің 48 дерегінің жолы кесілді. Жалпы ұзындығы 41,7 шақырым болатын заңсыз балық аулау құралдары және бекіре тұқымдас 145 балық (840 келі) тәркіленді. Алдын алынған залал мөлшері 350 млн теңгеден асты.
"Шекара қызметі өз құзыреті шеңберінде 66 қылмыстық іс қозғады, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Іс жүргізуде 3 607 әкімшілік іс бар. Олар бойынша жалпы сомасы 34 млн теңгеден асатын айыппұл салынды. Қалған деректер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды", – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Бұған дейін ҰҚК Шекара қызметінің 2026 жылғы тамыздағы жұмысын қорытындылаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript