Шетелдіктер, жанар-жағармай және миллиардтық контрабанда: ҰҚК Қазақстан шекарасындағы жағдай туралы баяндады

Контрольно-пропускной пункт , пункт пропуска, КПП, пункты пропуска, пограничная служба, пограничная зона, пограничные зоны, граница Кыргызстана и Казахстана, границы Кыргызстана и Казахстана, границы КР и РК, граница КР и РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 10:37 Фото: primeminister.kz
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі 2025 жылғы тамыз айында ҰҚК Шекара қызметінің жұмысы туралы есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 тамызда таратылған релизден келіп шыққандай, мемлекеттік шекараны қорғау және күзету аясында ҰҚК Шекара қызметі құзыретті органдармен бірлесіп төмендегілерді жүзеге асырды:

Шекара кеңістігінде 4 610 ҚР заңнамасын бұзушыны, соның ішінде:

  • шекараны бұзғаны үшін 39 шетел азаматын;
  • шекараны бұзу әрекеті үшін 25 шетел азаматын ұстады.

Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүкті заңсыз өткізудің 1 352 фактісінің алды алынды, соның ішінде:

  • жалпы салмағы 5 кг астам есірткі заттары;
  • қарулар мен оқ-дәрілердің 47 фактісі (1 бірлік атыс, 1 бірлік жарақаттандырушы, 1 бірлік газбен ататын, 1 бірлік пневматикалық,
  • 151 бірлік суық қару, 191 оқ-дәрілер);
  • діни әдебиеттің 18 фактісі (678 дана);
  • жалпы сомасы 5,5 млн теңгеден асатын ЖЖМ-ның 499 фактісі
  • (18 500 литрден астам);
  • жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарларының 598 фактісі;
  • жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам валютаның 157 фактісі.

Каспий су айлағында 55 браконьерлік фактісінің жолы кесілді, сондай-ақ:

  • 9 бірлік жүзу құралы;
  • 21 км-дан артық ау мен браконьерлік аулау құралдары;
  • 240 дана (1 440 кг) бекіре тұқымдас балық;
  • 28 дана (19 кг) сирек кездесетін балық түрлі алып қойылды;
  • алды алынған залал сомасы 566 млн теңгеден астамды құрады.

Осы фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.

2025 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасының учаскесіндегі "Кеген" (Алматы облысының Райымбек ауданы) автомобильдік өткізу пункті тәулік бойы жұмыс режиміне ауысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: