Қару-жарақ, жанар-жағармай және валюта: ҰҚК шекарадағы 31 күндік қызметінің есебі

Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, КНБ РК, ОПГ, приступная группировка, криминал, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2026 10:27 Фото: Zakon.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі 2026 жылғы қаңтар айындағы қызмет нәтижелері бойынша есеп жариялады.

Осы кезеңде шекаралық бақылау барысында Қазақстан заңнамасын бұзған 3 026 тұлға анықталып, олардың 2 594-і шетелдік азаматтар болған.

Сонымен қатар, тауарлар мен жүктерді заңсыз алып өтуге қатысты 1 062 жағдай анықталып, алдын алу шаралары жүргізілді.

Олардың ішінде:

  • қару-жарақ пен оқ-дәрі – 25 факт (2 атыс қаруы, 66 пышақ, 3 жарық-шулы граната, 78 оқ-дәрі);
  • жанар-жағармай – 580 факт, жалпы көлемі 60 тоннадан астам;
  • халық тұтынатын тауарлар – 376 факт, жалпы құны 620 млн теңгеден астам;
  • валюта – 81 факт, жалпы сомасы шамамен 860 млн теңге.

Сонымен қатар арнайы қызметтер Каспий теңізіндегі браконьерлік әрекеттердің 5 фактын анықтап, заңсыз аулау құралдарын тәркіледі. Бұл фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

Айта кетейік, 30 қаңтарда ҰҚК Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше шенеунікке қатысты тексеріс жүргізіп жатқаны белгілі болды. Мысалы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алу және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану күдігі бойынша тергеуге алынған. Сонымен қатар білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы да қылмыстық істің объектісі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: