Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы 2 қазаннан басталады.
Жарияланған мәліметтерге сәйкес, жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіліп, анықталған ақаулар жойылған. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары жүргізіліп, желілерді жаңғырту шаралары жүзеге асырылған.
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, 2 қазанға қараған түні елордада ауа температурасы +5°С-қа дейін төмендейді. Сонымен қатар 4 қазанға дейін қалада жаңбыр аралас қар жауады деп болжанып отыр.
28 қыркүйекте Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды жылыту маусымына дайындалуға шақырған еді.