Атап айтқанда, аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан, шаруа немесе фермер қожалықтарынан, астық қабылдау пункттері мен элеваторлардан, сауда орындарынан 4-көрсеткіш бойынша деректер жинайтыны нақтыланды. Олар бұл деректерді жыл сайын жыл қорытындысы бойынша үшінші тоқсанның аяқталуына күнтізбелік 15 күн қалғанда астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.
Өз кезегінде астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары тиісті аумақтағы негізгі азық-түлік тауарлары қорларының көлемі туралы ақпаратты үшінші тоқсанның аяқталуына күнтізбелік 10 күн қалғанда уәкілетті органға ұсынады.
Уәкілетті орган азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне жүргізілген мониторинг нәтижелерін жыл сайын үшінші тоқсанның соңына дейін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.