Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы қашан ашылады және 40 қабатты ғимарат құрылысы туралы не белгілі

Алматының Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков Тұңғыш Президент саябағын жаңарту, өзен жағалауларын абаттандыру және RAMS жобасы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 13:41 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков Тұңғыш Президент саябағын жаңарту, өзен жағалауларын абаттандыру және RAMS жобасы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұңғыш Президент саябағын реконструкциялау мерзіміне қатысты сұраққа жауап берген әкім оның аумағы 73 гектардан асатынын және қаладағы ең ірі нысандардың бірі екенін атап өтті. Қазір саябақтағы тоғандардың су жүйесі толық жаңартылып, 18 мың шаршы метр аумақтың төсемі ауыстырылып жатыр. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жаңартылған саябақты 2027 жылы ашу жоспарланған.

"Тұңғыш Президент саябағын бір құрылыс маусымында жаңартып шығу мүмкін емес. Мұнда инфрақұрылымды ретке келтірумен қатар, жасыл желек пен экожүйені сақтау маңызды. Сондықтан реконструкция жұмыстары бүкіл аумақтың ерекшеліктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр", – деді Азамат Қалдыбеков.

Оның айтуынша, жұмыстар аяқталғаннан кейін саябақтағы жасыл желек сақталып, аумақ абаттандырылады.

Әкім Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің жағалауларындағы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанын да мәлімдеді. Қазір екі нысанды да мемлекеттік қабылдау рәсімдері жүріп жатыр.

Аудан басшысының айтуынша, мердігерлер кепілдік міндеттемелері аясында анықталған барлық кемшілікті өз қаражаты есебінен жоймайынша, қабылдау актілеріне қол қойылмайды.

Баспасөз мәслихатында Абай даңғылынан жоғары аумақта көпқабатты ғимарат салу мәселесі де көтерілді. Әкімнің мәліметінше, 40 қабатты ғимараттың жобасы қабылданбаған. Ал құрылыс параметрлері Бас жоспар талаптарына сәйкестендірілген.

"Инвестор аудан алдындағы міндеттемелерін орындамайынша, құрылыс басталмайды. Атап айтқанда, құрылыс салушы өз қаражаты есебінен балабақша салып, тұрғындарға ашық сквер жасап, іргелес аумақтағы инженерлік желілерді ауыстыруы керек. Ғимараттың биіктігі Бас жоспарда белгіленген қатаң нормативтерге сай болуға тиіс. Жобаның бастапқы 40 қабатты нұсқасы үзілді-кесілді қабылданбады", – деді аудан әкімі.

40 қабатты RAMS Beyond Almaty тұрғын үй кешенін Тимирязев және Сейфуллин көшелерінің қиылысында салу жоспарланған еді. Алайда бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманың және мемлекеттік сараптама қорытындысының болмауына, сондай-ақ заңнама талаптарының бұзылуына байланысты жоба тоқтатылған.

2026 жылғы қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағы реконструкция кезінде келушілер үшін толық жабылатыны белгілі болды. 2010 жылы ашылған саябақта 15 жылдан астам уақыт бойы ауқымды реконструкция жүргізілмеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: