ІІМ қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады: бір аптада 10 мыңға жуық заңбұзушылық тіркелген

Сурет: ҚР ІІМ
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі (ІІМ) бүгін, 2026 жылғы 5 қазанда, бір апта ішінде тіркелген заңбұзушылықтарға қатысты алаңдатарлық статистиканы жариялады. Осыған байланысты ведомство азаматтарға маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, бір апта ішінде полицейлер ізін суытпай бір адам өлтіру, адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің үш дерегін, 11 тонау, 218 ұрлық, сондай-ақ жеті мал ұрлығы мен сегіз автокөлікті айдап әкету дерегін ашқан.

"Бір апта ішінде полицейлер Жол жүрісі қағидаларын бұзудың 10 мыңға жуық дерегінің жолын кесті. Оның ішінде мас күйінде көлік жүргізудің 201 дерегі бар. Осындай оқиғалардың бірі түнде Үштөбе қаласында болды. Полицейлер Toyota Marino автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде мас күйдегі 34 жастағы ер адам отырған. Сот оны 15 тәулікке қамауға алып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырды", – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство дрифт жасау және қауіпті көлік жүргізу деректерінің жолын кесу мәселесі бақылауда екенін атап өтті. Соңғы аптада мұндай заңбұзушылықтар еліміздің үш қаласында анықталған:

"21 қыркүйектен бері ел аумағында 13 мыңнан астам заңсыз жазу мен граффити өшірілді. 6 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды. Ең ауыр төрт дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оның бірі – вандализм, қалған үшеуі есірткі жарнамалайтын граффити деректеріне қатысты", – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство бұл мәселеге қатысты полицияның ұстанымы айқын екенін мәлімдеді:

"Вандализм, өзгенің мүлкін бүлдіру, қауіпті көлік жүргізу және мас жүргізушілер назардан тыс қалмайды".

Бұған дейін ІІМ қазақстандық ата-аналарға үндеу жасаған еді. Оларды балаларының қайда жүргенін және уақытын қалай өткізетінін қадағалауды күшейтуге шақырып, ата-аналық міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Ведомствоның мәліметінше, "Абайлаңыз – балалар!" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қазақстанда түнгі уақытта жүрген 25 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала анықталған.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін