Күштік құрылымдардағы кадрлық өзгерістер туралы 2026 жылғы 5 қазанда Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпараттан белгілі болды.
Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев басқа да өкімге қол қойған. Оған сәйкес, Айтқұрман Омарбеков ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды.