Қорғаныс министрлігінде ауқымды аудит жүріп жатыр: 48 әскери бөлім тексеріледі

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады. Кездесуде Президентке Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын тексеру мақсатында жүргізіліп жатқан жоспардан тыс аудит туралы баяндалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауқымды тексеріс 50 нысанды, оның ішінде 48 әскери бөлімді қамтиды. Осы мақсатта мемлекеттік аудит жүйесінің жетекші мамандары, IT және байланыс саласының сарапшылары кіретін арнайы топ жасақталған.

Аудит барысында Қарулы күштер қызметінің барлық негізгі бағытындағы ахуал бағаланады. Әскери бөлімшелердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, жеке құрамның даярлығы, әскери оқу-жаттығу жиындарының өткізілуі, әскери инфрақұрылымның дамуы, қару-жарақ пен техниканың жаңғыртылуы және цифрлық жүйелердің ақаусыз жұмыс істеуі тексеріледі.

Президентке мемлекеттік қорғаныс тапсырысына жүргізілген аудиттің нәтижелері де таныстырылды. Тексеріс қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Үкіметке және салалық мемлекеттік органдарға 57 нақты ұсыным мен тапсырма жолдаған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына экономикалық даму мен әлеуметтік саланың басым бағыттарын қамтитын жоспарлы аудиторлық тексерістің барысы туралы есеп берілді.

Әлихан Смайылов Астанада өткен Азия жоғары аудит органдары ұйымы Басқарма кеңесінің 63-отырысының қорытындысына да тоқталды. Жиынға 19 елдің өкілі қатысқан. Мұндай форматтағы іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізілді.

Кездесу соңында Президент Қорғаныс министрлігінде аудит жүргізуге және мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін