Тағы 16 өңір қалды: Қазақстанда ХҚКО жұмысы қалай өзгеріп жатыр

Фото: gov4c.kz
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 6 қазанда Үкімет отырысында халыққа қызмет көрсету орталықтарын (ХҚКО) трансформациялау жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бес өңірде жаңа цифрлық кеңселер іске қосылған.

"ХҚКО-лардың жұмыс форматын да өзгертіп жатырмыз. Халыққа қызмет көрсететін жаңа цифрлық кеңселерде қызметтерді eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар арқылы өз бетінше алуға болады. Қажет болған жағдайда кеңесші көмектеседі. Қазір төрт өңірде бес цифрлық кеңсе ашылды. Тағы 10 өңірде қаржыландыру мәселесі шешілді", – деді Жаслан Мәдиев.

Ол қаржы бөлінген 10 өңірде үй-жайларды дайындау жұмыстарын аяқтап, кеңселерді жыл соңына дейін ашу қажет екенін атап өтті.


"Қалған алты өңір жұмысты жеделдетіп, қаржыландыруды қамтамасыз етуі және кеңселердің нақты ашылу мерзімдерін белгілеуі қажет. Барлық өңірдің тұрғындары жаңа форматта қызмет алу мүмкіндігіне ие болуы тиіс", – деп қосты Жаслан Мәдиев.

Бұған дейін қазақстандықтардың ХҚКО-ларға бұрынғыға қарағанда сирек жүгінетіні туралы жазған едік.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін