Қазақстанды алғашқы қар басты: әлеуметтік желіде әр қаладан түсірілген кадрлар тарады

Сурет: threads/dinara_kareem/nur.ast888
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде алғашқы қар жауған сәттің кадрларымен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 5 және 6 қазанда Қазақстанның кейбір қалаларында қар жауды. Бірі мұндай ауа райының тосынсыйына қуанса, енді бірі қыстың ерте келгенін әзілге айналдырған:

Астанада алғашқы қар жауған сәт түсірілген ондаған фото мен видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Осындай көрініс Қостанайда да байқалды.

Сонымен қатар қазақстандықтар Степногорск қаласында, сондай-ақ Ақтөбе облысының Хромтау және Мәртөк аудандарында да қар жауғанын атап өтті.

Бұған дейін, 2026 жылғы 25 қыркүйекте Алматы тауларында алғашқы қар болатын.

Қазақстанның бірқатар өңірінде 2026 жылғы 6 қазанға дауылды ескерту жарияланды. Қай өңірлерде әлі де қар жауатынын мына жерден көруге болады.

Қазақстан
Ақтөбе
Қостанай
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы