Астана мен Алматыда робот техникасын өндіретін зауыттар ашылады

Сурет: pixabay
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 6 қазанда Үкімет отырысында робот техникасы өндірісін іске қосу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ведомство робот техникасына және Physical AI бағытына ерекше көңіл бөліп отыр.

"Робот техникасы саласында инженерлер даярлауды отандық өндірісті дамытумен ұштастырып отырмыз. Астана мен Алматыда халықаралық серіктестермен бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олар технологияларды жергілікті өндіріске енгізуді, зерттеулер жүргізуді және білім мен тәжірибе беруді көздейді", – деді Мәдиев.

Ол екі зауыттың да құрылысын келесі жылы аяқтау жоспарланғанын нақтылады.


"Сонымен қатар педагогтерді даярлап, мектеп зертханаларын дамытып жатырмыз", – деп қосты министр.

Бұған дейін Жаслан Мәдиев Қазақстан өңірлеріндегі цифрлық трансформацияның барысына баға берген болатын.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін