Астанадағы ауа райы болжамы
7 қазан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз +10…+12°C болады.
8 қазан: күн бұлтты, ара-тұра жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +8…+10°C болады.
9 қазан: көшпелі бұлт шығып, ара-тұра жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +7…+9°C болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
7 қазан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +15…+17°C болады.
8–9 қазан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +19…+21°C болады.
Шымкенттегі ауа райы болжамы
7 қазан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +18…+20°C болады.
8 қазан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +21…+23°C болады.
9 қазан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +21…+23°C болады.
Бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы қазан айына арналған нақтыланған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Оған сәйкес, Қазақстанда күн -10°C-қа дейін суытып, қар жауады. Кейін ауа температурасы қайтадан +30°C-қа дейін көтеріледі деп күтіледі.