Ол өңірлерде Smart City шешімдері енгізіліп жатқанын еске салды. Олардың қатарында дрондарға арналған инфрақұрылым, су ресурстарын басқару, қалалық сервистер және жасанды интеллект көмегімен ауруларды диагностикалау бар.
"Алайда әзірге жүйелі тәсіл жоқ. Шешімдер бір-бірінен бөлек дамып жатыр және өзара біріктірілмеген. Астана әкімдігінің жұмысын ерекше атап өткім келеді. Елорда AI-Native City шешімдерін белсенді енгізіп, WIPO City of Innovation бастамасы аясында әлемнің үздік 15 қаласының қатарына енді. Алматы да осы модельге көшіп жатыр. Біздің міндетіміз – шешімдерді ортақ деректер, есептеу қуаттары және ахуалдық орталықтар негізінде біріктіру", – деді Жаслан Мәдиев.
Оның айтуынша, табысты тәжірибелер бүкіл ел бойынша жүйелі түрде енгізілуі тиіс.
"Бұл көлік қозғалысын, коммуналдық инфрақұрылымды және қауіпсіздікті кешенді басқаруға мүмкіндік береді. Қазір Smart City шешімдері қала тұрғындарының 25%-ын қамтиды. 2027 жылы бұл көрсеткішті 50%-ға, ал 2028 жылы 70%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз", – деп қосты министр.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қалай өзгеріп жатқаны туралы материалдан оқи аласыздар.