Жоғарғы соттың бірқатар судьясы қызметінен босатылады

Фото: unsplash
ҚР Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов 2026 жылғы 7 қазанда Құрылтайдың жалпы отырысында Жоғарғы соттың бірқатар судьясын қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынуы енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының 2026 жылғы 23 қыркүйектегі жарлығына сәйкес, Жоғарғы сот судьялары Сәкен Абдолла мен Аслан Тукиев Конституциялық соттың судьялары болып тағайындалды. Сонымен қатар Марина Геннадьевна Боровик, Нұржан Үсіпханұлы Қайыпжан, Валерий Владимирович Ноздрин және Мәдениет Жақанқызы Омарбекова құрметті отставкаға шығуға ниет білдірді. Олардың әрқайсысы заң мен әділдікке қызмет етуге ондаған жылын арнаған. Бұлар – судьялық қызметтің барлық сатысынан адал әрі жауапкершілікпен өтіп, отандық сот төрелігіне зор үлес қосқан жоғары білікті мамандар", – деді ол.

Сондай-ақ Дмитрий Малахов аталған судьялардың барлығы судьялар қауымдастығында зор беделге және терең құрметке ие екенін атап өтіп, депутаттарды Мемлекет басшысының ұсынуын қолдауға шақырды. Дауыс беру қорытындысы бойынша ұсыну қолдау тапты.

2026 жылғы 6 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев судьялар мен сот төрағаларын тағайындап, бірқатарын қызметінен босатқан еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін