Құрылтайда мәслихаттардың заң қабылдаудағы рөлі түсіндірілді

Фото: Zakon.kz
Құрылтай депутаты Илья Теренченко 2026 жылғы 7 қазанда Құрылтай жанынан Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрудың мақсатын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, кеңес қабылданған заңдарды өңірлерде іске асыру барысында аймақтармен өзара байланыс орнату үшін құрылады.

"Бұл – кері байланыс. Мәслихаттардың заң әзірлеуге қатысуы ерекше рөл атқарады. Өңірлік мәслихаттардың пікірі, заңдардың өңірлерге қалай әсер ететіні және қандай нәтиже беретіні біз үшін өте маңызды. Осы тұрғыдан кеңестер аталған мәселелерді жедел әрі білікті түрде қарастыруға мүмкіндік береді", – деді Теренченко.

Ол әр өңірдің өзіндік ерекшелігі бар екенін де атап өтті.

"Сондықтан кеңес жұмысына өкілді биліктің қатысуы мәселелерді тезірек қарастыруға мүмкіндік береді", – деп қосты депутат.

Бұған дейін Қазақстанда жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу регламенті бекітілген еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Алматыда полицейлер көлікпен электросамокат мінген жасөспірімдердің ізіне түсті