Өзгенің өніміне логотип жапсырған: Asar Baspana ұйымдастырушылары қалай алдаған

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда Asar Baspana қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға үкім шықты. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 7 қазанда, Қаржылық мониторинг агенттігінің мәлімдемесінен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, Н.М. Туғанбаев бастаған топ ай сайын 30%-ға дейін табыс табуға уәде беріп, 90 мыңға жуық азаматтан жалпы сомасы 25 млрд теңге жинаған.

Сотталғандар құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын, тігін цехы, тұрмыстық және медициналық техника зауыты жұмыс істеп тұрғанын айтып, салымшыларды жаңылыстырған.

Шын мәнінде, өнімдер өзге жеткізушілерден сатып алынып, оларға Asar Baspana логотипі жапсырылған.

2024 жылғы желтоқсаннан бастап азаматтардың пирамида қызметіне деген сенімі төмендеген соң, ұйымдастырушылар автодүкендер ашылғаны және дилерлермен ынтымақтастық орнатылғаны туралы жалған ақпарат таратқан. Іс жүзінде көліктер салымшылардың ақшасына сатып алынып, ұйымдастырушылардың туыстарының атына рәсімделген.

"Сот үкімімен Н.М. Туғанбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы үш ұйымдастырушының әрқайсысына 7 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Өңірлердегі 13 жетекшінің әрқайсысы шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар тыйым салынған, жалпы құны 5,6 млрд теңге болатын активтер жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге бағытталады. Мүліктің қалған бөлігі мемлекет кірісіне өткізіледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2026 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысында CVK қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған С.Ш. Қайырбаева мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін