"Қазгидрометтің" мәліметінше, 8 қазанда Алматы мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы.
Сонымен қатар "Қазгидромет" 8 қазанға дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер бірнеше өңірде ауа температурасы -2°С-қа дейін төмендеп, үсік жүретінін, қар жауып, дауылды жел соғатынын ескертті.