Ақтөбе облысының прокуратурасы 2026 жылғы 9 қазанда мәлімдегендей, "ЖАН-АМИ и К" ЖШС 2024–2025 жылдары қажетті мемлекеттік лицензиясыз 1 400 тоннадан астам қауіпті мұнай қалдығын өңдеген.
Заңсыз қызмет нәтижесінде серіктестік 393 млн теңге табыс тапқан.
Прокуратура материалдары негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.
""Рақымшылық жасау туралы" заң негізінде сотталған адам негізгі жазадан босатылды. Алайда заңсыз алынған 393 млн теңге табыс мемлекет кірісіне өндірілді. Апелляциялық саты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді", – деп хабарлады қадағалау органы.
Бас прокуратура заңсыз қызметтен миллиондаған теңге тапқан тағы бір қазақстандық туралы да мәлімдеді. Ол бас бостандығынан айырылып, ақшасы мемлекет кірісіне тәркіленген.