Жылудың орнын күзгі салқын басады: Астана, Алматы және Шымкентте 10–12 қазанда ауа райы қандай болады

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 10–12 қазанда Астанада жауын-шашын болмайды, күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Ал Алматы мен Шымкентте 12 қазанда жаңбыр жауып, күн салқындайды. Шымкентте найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

10 қазан. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Әлсіз жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +2°C, күндіз +11…+13°C болады.

11 қазан. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +2°C, күндіз +13…+15°C болады.

12 қазан. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні 12 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +15…+17°C болады.

Алматы

10–11 қазан. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C болады.

12 қазан. Күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Күндіз желдің екпіні 13 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +17…+19°C болады.

Шымкент

10 қазан. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 6–11 м/с болады. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C болады.

11 қазан. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +24…+26°C болады.

12 қазан. Күн ала бұлтты болады. Ара-тұра жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +19…+21°C болады.

Қазақстан бойынша үш күнге арналған ауа райы болжамымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстанның Азаматтық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылды