Әлемде салық ең көп қай елдерде жиналады және Қазақстанның көрсеткіші қандай

Фото: сгенерировано с помощью ИИ
Жаңартылған статистикаға сәйкес, Қазақстандағы салық түсімдерінің жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) шаққандағы үлесі ТМД елдері арасында ғана емес, әлем бойынша да ең төмен көрсеткіштердің бірі болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Канадалық Visual Capitalist аналитикалық онлайн-платформасы салық деңгейі ең жоғары және ең төмен елдерді анықтау мақсатында зерттеу жүргізді.

Есептеу үшін салық түсімдерінің ЖІӨ-ге шаққандағы пайыздық үлесі негізге алынған. Бұл үлес неғұрлым жоғары болса, елдің рейтингтегі орны да соғұрлым жоғары болған. Зерттеуде әлемнің 192 мемлекетінің көрсеткіштері бағаланған.

Зерттеу мен жаһандық рейтингті жасауға негіз болған деректер Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы есептерінен алынған.

Салық түсімдерінің үлесі ең жоғары елдер

Бұл көрсеткіш бойынша әлемде, әдетте, экономикасы дамыған мемлекеттер алда келеді. Бірінші орында Дания тұр: елдегі салық түсімдерінің ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі — 45,3%.

Екінші орында Болгария — 38,8%. Үшінші орынға Швеция жайғасқан — 38,7%.

Алғашқы ондыққа мына елдер де кірген:

Салық түсімдерінің ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі Италияда — 29,6%, Канадада — 29,5%, Аустралияда — 29,4%, Францияда — 28,7%, Ұлыбританияда — 28,5%, Украинада — 27,4%, ал Грузияда 24,9% болған.

ТМД елдеріндегі салық көрсеткіштері

ТМД елдері арасында салық түсімдерінің ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі ең жоғары мемлекет — Беларусь. Бұл көрсеткіш бойынша ел әлемде 24-орында тұр. Салық түсімдері ЖІӨ-нің 27,2%-ын құрайды.

Екінші орында Армения — 22,4%. Ел әлемдік рейтингте 56-орынға жайғасқан. ТМД бойынша үшінші, әлемде 63-орында Қырғызстан тұр. Ондағы салық түсімдерінің ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі — 21,8%.

Одан кейінгі орындарда:

Салық түсімдерінің үлесі ең төмен елдер

Әлемде салық түсімдеріне ең аз тәуелді мемлекет — Ливия. Мұнда салық түсімдерінің ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі небәрі 1,2%-ды құрайды.

Бұл көрсеткіш өзге елдерде мынадай:

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін