Ол қолданыстағы салық заңнамасында коммерциялық емес ұйымдар саналатын МИБ пен пәтер иелері кооперативтері (ПИК) үшін салық салудың арнайы тәртібі қарастырылғанын атап өтті.
"Осыған байланысты корпоративтік табыс салығынан босатудың жеке нормасын енгізу туралы ұсыныс қолдау таппайды. Дегенмен бұл мәселені Салық кодексіне өзгерістер енгізбей-ақ реттеуге болады. Ол үшін тұрғын үй қатынастары туралы заңнамада МИБ пен ПИК-ке қайталама шикізатты өткізуден түсетін қаражаттың құқықтық мәртебесі мен нысаналы мақсатын айқындау қажет", – делінген жауапта.
Егер МИБ пен ПИК қайталама шикізатты өткізуден түскен қаражатты толық көлемде кондоминиум объектісін басқаруға және күтіп-ұстауға жұмсаса, салық салынатын табыс та, корпоративтік табыс салығын төлеу міндеттемесі де туындамайды.
Бұған дейін Қазақстанда МИБ-тің жаңа басшыларын тіркеу тәртібі өзгеруі мүмкін екенін жазған едік.