Скринингтен өту тәртібінде не өзгерді

Фото: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 8 қазандағы бұйрығымен скринингтік зерттеулерден өтуге жататын адамдардың нысаналы топтарына, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу қағидаларына, көлемі мен кезеңділігіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, қағидалар жұмыскердің тіркелген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының оны скринингтен өту қажеттігі туралы хабардар етуін көздейтін тармақпен толықтырылды.

Хабарлама цифрлық денсаулық сақтау объектілері, телефон немесе ұялы байланыс, "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы, сондай-ақ МЦС-пен интеграцияланған алгоритмдік жүйелерді қолдана отырып, автоматтандырылған телефон қоңыраулары арқылы жіберіледі.

Сонымен қатар медициналық ұйым еңбек жөніндегі уәкілетті органның цифрлық жүйелерімен интеграция арқылы жұмыс берушіге скринингтен өтуге тиіс жұмыскерлер туралы мәліметтерді жолдайды.

Скринингтік зерттеулер жүргізу үшін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар азаматтарды мына тәсілдермен шақыратыны нақтыланды:

Бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін