Синоптиктердің мәліметінше, Алматы мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанып отыр. Сондай-ақ түнде Қостанай, Қарағанды, Теміртау және Астанада осындай құбылыстар байқалуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз – желдің болмауы немесе баяу соғуы, тұман, температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді факторлардың үйлесуі.
Мұндай құбылыстар ауадағы зиянды қоспалардың таралуына кедергі келтіріп, атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.