Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

Фото: Zakon.kz
Құжаттандыру терминалы – Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) паспорт немесе жеке куәлік алуға өтініш берудің тағы бір тәсілі. Оның көмегімен Қазақстан азаматтары экрандағы нұсқауларды басшылыққа ала отырып, өтініш беру рәсімінен өз бетінше өте алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 20 қазанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі осы маңызды қызмет туралы еске салды.

Құжаттандыру терминалы дегеніміз не және оны қалай пайдалану керек?

Құжаттандыру терминалы – жеке куәлік немесе паспорт дайындауға өтінішті өз бетінше беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен.

Қазақстанда мұндай терминалдар алғаш рет 2023 жылы пайда болды. Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, бүгінде елде 15 терминал жұмыс істейді. Олар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан облысы мен Ұлытау облысында орналасқан.

"Құжаттандыру терминалы камерамен және биометриялық сәйкестендіру жүйесімен жабдықталған. Бұл құжатты басқа адамның атына рәсімдеу мүмкіндігін болдырмайды. Құжатты қайта дайындау қажет болған жағдайда паспорт алуға өтініш берудің мерзіміне шектеу қойылмайды", – деп хабарлады сейсенбі күні "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.

Мемлекеттік корпорацияның түсіндіруінше, терминал арқылы жеке куәлікті қайта рәсімдеуге оның жарамдылық мерзімінің аяқталуына 30 күннен аз уақыт қалғанда, сондай-ақ мерзімі аяқталғаннан кейінгі 10 күн ішінде өтініш беруге болады.

"Терминалдың артықшылықтарының бірі – құжатқа арналған фотосурет пен қолтаңбаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі. Олар бірден экранда көрсетіледі. Нәтиже көңіліңізден шықпаса, қайта суретке түсіп немесе қолтаңбаны жаңадан қойып, ең сәтті нұсқаны таңдауға болады", – деп еске салды азаматтарға.

Мемлекеттік бажды құжаттандыру терминалының экранында көрсетілетін QR-код арқылы төлеуге болады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өтініш беру бес минуттан аспайтынын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада қар жауып, түнде −5°C-қа дейін суытады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады

Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілмек

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

Қазақстанда қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсы құрылады

Threads арқылы концерт билеттерін сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді