Жобаның мақсаты – Қазақстан аумағында интернет-платформа арқылы қызмет ететін шетелдік компаниялардың пайдасына күнтізбелік тоқсан ішінде жасалған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомасы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысанын айқындау. Бұл мәліметтер әрбір шетелдік компания бойынша жеке ұсынылады.
Банктер мен төлем ұйымдарынан алынатын ақпарат негізінде электрондық саудамен айналысатын тұлғаларды қашықтан бақылау тәсілдерін енгізу арқылы салықтық әкімшілендіруді жетілдіру көзделіп отыр. Бұл құжаттық тексерулер жүргізбей-ақ салықтық тәуекелдерді тиімді басқаруға және көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Бұдан бөлек, құжатта "тенге" сөзін "теңге" сөзімен ауыстыру қарастырылған.
Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Оны қоғамдық талқылау 5 қарашаға дейін жалғасады.